OQY

Авторлар

Айзат Серікқызы Рақыш

23.09.1983

Жазушы, ұстаз, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Қаламгер 1983 жылы 23 қыркүйекте ШҚО Күршім ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. Жиделі орта мектебін тәмамдаған соң, 2002 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ филологиясы факультетіне оқуға түседі. 2006 жылы оқуын аяқтап, 2007 жылы үлкен шығармашылық  ортаны аңсап Алматы қаласына келеді. Сол жылдан бастап тілшілік, жазушылық жолға түседі. Алғашқы әңгімелері республикалық «Мұқағали» журналында, халықаралық «Қазақстан Заманы» газетінде жарық көрген. Қаламгер 2015 жылы тұңғыш прозалық жинағын «Өлгендер қайтып келеді» атауымен оқырмандарына ұсынды. Бұл кітап үлкен қаламгерлер тарапынан оң бағасын алып, оқырмандарының жылы ықыласын туғызды. 2018 жылы сәуір айында автор өзінің екінші прозалық жинағының тұсауын кесіп, оқырмандарына «Мұз үстіндегі қызғалдақ» атауымен ұсынды. Сонымен қатар, Айзат Рақыш 100-ден астам мақалалардың авторы. Қоғамдағы көкейтесті мәселелерді жұртшылық назарына ұсына білу де қаламгердің қанына сіңген.

1 кітап

Əзілхан Нұршайықов

15.12.1922 — 12.02.2011

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов - 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген.  Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. 1941 – 1945 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949). 1953–1979 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1953 – 56 жылдары — Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы, 1961 – 63 жылдары — республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді. 1987 жылы — “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды.

2 кітап

Абай Құнанбайұлы

10.08.1845 — 06.07.1904

Ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

1 кітап

Ӏлияс Есенберлин

10.01.1915 — 05.10.1983

І.Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасы» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.

1 кітап

Лев Николаевич Толстой

28.08.1828 — 07.11.1910

Граф Лев Николаевич Толстой — орыс жазушысы, ағартушысы, публицисті және ойшылы. Әлемдегі ең ұлы жазушылар-романисттардың бірі. 1854—1855 жылдарғы Севастополь көтерілісінің қатысушысы. Ғалым және діни ойшыл, оның беделі ойы жаңа діни-этикалық және саяси қозғалысты жаратты — толстойшылдық. Өзінің ойы үшін шіркеуден бөлінген. Әлемдік әдебиеттің классигі. Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түрік танушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847 жж). Алайда университетті тәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйге көшеді.

1 кітап

Абай Аймағамбет

10.08.1985

Абай Аймағамбет

2 кітап